дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 14:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Мысыр арасында әуе рейстері артады

Қазақстан мен Мысыр арасында әуе рейстері артады
Фото: Азаматтық авиация комитеті
Бұл туралы Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті хабарлады

Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөз өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Мысыр тарапын Мысыр авиация министрлігі Авиациялық әкімшілігінің әуе көлігі жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Хешам Абдель Басет мырза басқарды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.\

Қазақстан тарапы  Air Astana және SCAT тасымалдаушыларына Fly Arystan әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады.

Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы EgyptAir, EgyprAir Cargo және Air Cairo тасымалдаушыларына Red Sea және Nile Air тағайындады. 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар