Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың шақырымды құрайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz tengrinews.kz - ға сілтеме жасап.
2026 жылы ақылы болатын жолдар:
Қарағанды – Балқаш: 363 шақырым;
Бурылбайтал – Күрті: 228 шақырым;
Ақтөбе – Қандыағаш: 96 шақырым;
Талдықорған – Өскемен: 768 шақырым;
Атырау – Астрахань: 277 шақырым;
Меркі – Шу: 78 шақырым.
Көлік министрлігінде 2026 жылы тарифтерді өзгерту жоспарда жоқ екенін айтты.
Төлем тәсілдері өзгеріссіз қалады. Бюджетке түсетін салмақты азайту және өзін-өзі ақтауды қамтамасыз ету мақсатында реконструкциялау және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жүйе енгізіледі, – делінген хабарламада.
Заң бойынша арнайы көліктер қызметтік міндеттерін орындау кезінде ақылы жолдармен тегін жүре алады. Мысалы жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, полиция және басқалар.
Сондай-ақ, жеңілдіктерге тұрақты жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар ие. Ал жергілікті тұрғындар мен ұйымдардың жеңіл автомобильдері өз ауданы ішіндегі ақылы жолмен тегін жүре алады.





