Кәсіби мерекелер саны көбейді.
Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер енгізіп, бес жаңа кәсіби мейрам ресми түрде белгіленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңадан қосылған мерекелер тізімі:
▫️ 7 шілде — Қазақстан қолөнершілер күні;
▫️ 9 шілде — Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;
▫️ 15 қыркүйек — Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет күні;
▫️ 20 қазан — Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлерінің күні;
▫️ 29 қазан — Қазақстан кәсіпкерлері күні болып бекітілді.
Сонымен қатар Энергетиктер күніне қатысты өзгеріс енгізілді. Бұған дейін желтоқсан айының соңында атап өтілетін бұл мереке енді 22 желтоқсанда тойланатын болады.



