жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 700-ге жуық мектеп кітапханасы жаңғыртылады

Қазақстанда 700-ге жуық мектеп кітапханасы жаңғыртылады
ашық дереккөз
Елімізде мектеп кітапханаларын жаңғырту жұмыстары қарқын алуда.

Жоба аясында 300 мыңнан астам оқушы заманауи әрі жайлы кітапхана кеңістігін пайдалануға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қазіргі таңда мектеп кітапханаларында RFID технологиясы енгізілуде – бұл жүйе кітаптарды автоматты түрде тіркеп, жедел іздеуге жол ашады. Сонымен қатар, 20-дан астам кітапханада арнайы сканерлеуші роботтар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толықты. Қазіргі таңда еліміздегі жалпы кітап қоры 141 миллион данадан асты.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар