жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда қанша Абай бар?

Қазақстанда қанша Абай бар?
ашық дереккөз
Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ҚР Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы Абай есімді азаматтардың есебін жария етті.

Қазіргі таңда Қазақстанда Абай есімді 18 763 азамат өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық Статистика бюросына сілтеме жасап. Бұл есім ел аумағында кең таралған.

Оның ішінде ең көп шоғырланған өңірлер – Астана қаласы (2 089 адам), Түркістан облысы (2 018) және Алматы қаласы (1 719).

Абай есімді ең жасы үлкен азамат 1932 жылы дүниеге келген. Ал бұл есім ең жиі кездесетін жас санаты – 30 бен 34 жас аралығында. Нақтырақ айтсақ, бұл жастағы Абай есімді азаматтардың саны 3 228-ге жетеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 157 сәбиге ұлы ақынның есімі берілген.

Абай есімі ерлерге тән болғанымен, елімізде бұл есімді иеленген 10 әйел бар екен. Сонымен қатар, Абайдың азан шақырып қойған есімі – Ибраһим де көп таралған есімдердің бірі. Қазіргі уақытта Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим нұсқаларымен аталатын 35 404 қазақстандық бар.

Ақынның есімі тек адамдарға ғана емес, еліміздің географиялық нысандарына да берілген. Бүгінде Қазақстанда Абай есімімен аталатын 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл бар. 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар