бейсенбі, 12 наурыз, 2026 14:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесі әзірленіп жатыр

Қазақстанда су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесі әзірленіп жатыр
istockphoto.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ су тұтыну көлемін ерте болжау жүйесін әзірлеуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жоба аясында Қазақстанның оңтүстігіндегі ирригация инфрақұрылымына қатысты бірыңғай деректер базасы жасалады. Сондай-ақ суармалы жерлердің нақты шекарасы анықталып, ауыл шаруашылығы алқаптарының жағдайын бақылау үшін жерді қашықтан зондтау технологиялары қолданылады.

Жаңа жүйе су пайдалануға қатысты негізгі процестерді цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, су алуға өтініш беру, келісімшарт жасау және су тұтынуды есепке алу сияқты қызметтер электронды форматқа көшіріледі. Сонымен қатар жүйе ғарыштық мониторингтің көмегімен суды заңсыз пайдалану және ауыл шаруашылығы жерлерін рұқсатсыз суару фактілерін анықтауға мүмкіндік береді.

«Бұл жоба су ресурстарын бөлудің ашықтығын арттыруға, суармалы суды пайдалану бақылауын күшейтуге және ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың заманауи цифрлық құралдарын енгізуге бағытталған», – деді «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар