бейсенбі, 12 наурыз, 2026 13:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдағы колледж базасында заманауи тігін цехы іске қосылды

Жамбылдағы колледж базасында заманауи тігін цехы іске қосылды
istockphoto.com
Бұл бастама студенттердің кәсіби дайындығын жаңа деңгейге көтеріп, білім мен өндірісті нақты біріктіретін бірегей алаңға айналды.

Жамбыл облысындағы №7 Бетқайнар колледжінде заманауи тігін цехы іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл бастама студенттердің кәсіби дайындығын жаңа деңгейге көтеріп, білім мен өндірісті нақты біріктіретін бірегей алаңға айналды.

Колледждің бос ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шағын кәсіпорынды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Нәтижесінде толық жабдықталған тігін цехы пайдалануға берілді.

Мұнда «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенттері дипломалды тәжірибеден өтіп, нақты тапсырыстарды орындауда. Бұл орта оларға кәсіби құзыреттерін дамытуға және еңбек дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Цехта ұлттық және заманауи стильдегі киімдер, сондай-ақ арнайы жұмыс киімдері тігіледі.

Колледждегі шағын кәсіпорын студенттерді нақты өндірісте кәсіби маман ретінде дайындайтын алаң. Ұлттық және заманауи киімдерді тігіп, нақты тапсырыстар орындау арқылы студенттер бәсекеге қабілетті маман болуға дайындалады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар