жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды
Фото: gov.kz
Сервис тәулік бойы жұмыс істейді және өтініштер Қазақстанның барлық өңірінен қабылданады.

Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” деп аталатын жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді азаматтар құқық бұзушылық фактілері туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабар жібере алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қосымшаның басты бетінде арнайы “Заң мен Тәртіп” батырмасы орналастырылған. Сол арқылы пайдаланушылар хабарламаны жедел түрде жолдай алады. Өтініш беру үдерісі барынша қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіптің бұзылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары немесе бала қауіпсіздігіне қатысты жағдайлар туралы ақпарат бірден полицияға түседі. Хабарлама тіркелген сәттен бастап тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етеді.

Мұндай функционал кейбір банк қосымшаларымен де біріктірілген, бұл сервисті кең ауқымды пайдаланушылар үшін қолжетімді етеді.

Жоба ІІМ жүзеге асырып жатқан цифрландыру бастамаларының маңызды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – полиция мен азаматтар арасындағы өзара байланыс пен әрекеттестікті жеңілдету, жедел әрекет ету тиімділігін арттыру және көмек көрсету қызметін барынша қолжетімді ету.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар