жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазынашылық комитетінің атауы ресми түрде өзгерді

Қазынашылық комитетінің атауы ресми түрде өзгерді
Фото: gov.kz
Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетін ресми қайта тіркеу рәсімінің аяқталды. Бұдан былай ведомство Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті болып аталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жайт бюджеттік процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған реформалардың бір бөлігі болып табылады. Жаңа атау Комитеттің мемлекеттік қаржыны басқарудағы маңызды рөлі мен мәртебесінің биіктеуін айқындайды.   

Комитет атауының өзгеруі қызметкерлерінің штат санын немесе мемлекеттік бюджеттің қосымша шығындарын ұлғайтуға әкеп соқпайтынын атап өткен абзал. Қайта атау 2025 жылғы 15 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексінің (№171-VII) ережелерінде көзделген және Қазақстан Рнеспубликасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілетін Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының талаптарына сәйкес келеді.

Комитеттің атауын өзгерту туралы шешім Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы №565 бұйрығымен бекітілді, оған бұрын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2019 жылғы желтоқсанда бекіткен Комитет туралы ережеге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар