сенбі, 14 ақпан, 2026 21:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды

Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бауыржан Әбжанов Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Садықұлы Әбжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды",  – делінген хабарламада. 

Әбжанов Бауыржан Садықұлы 1968 жылғы 10 сәуірде Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы) Еңбекшілдер ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген.

1990 жылы КСРО ІІМ Новосибирск жоғары әскери командалық училищесін, 1998 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны үздік бітірген, 2013 жылы Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының академиясын үздік аяқтаған.

1990–2012 жылдар аралығында взвод командирінен Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің құрамасы командиріне дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

1988 жылғы маусым – 1989 жылғы қаңтар және 1989 жылғы маусым – шілде аралығында Кавказ республикаларында этникааралық қақтығыстарды реттеуге қатысты.

2012 жылғы тамыз – 2013 жылғы шілде аралығында – Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы (Мәскеу қаласы).

2013 жылғы шілде – 2014 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.

2014 жылғы маусым – 2016 жылғы тамыз аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы.

2016 жылғы қыркүйек – 2018 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы Әскери кеңесінің хатшысы.

2018 жылғы қаңтар – қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы Әскери кеңесінің хатшысы – инспекторлық-сараптау басқармасының бастығы.

2018 жылғы қараша – 2019 жылғы шілде аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының бастығы (Петропавл қаласы).

2022 жылғы 14 мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары.

Ішкі істер министрлігінің Құрметті қызметкері. Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 27 медалімен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілген.

Генерал-майор Б.С. Әбжанов – философия ғылымдарының PhD докторы, Әскери ғылым академиясының профессоры.

Бүгінгі тағайындауға дейін ол ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар