Биыл 1 сынып оқушылары 35 минуттан оқиды
Қыркүйек-қазан айлары аралығында бірінші сынып оқушылары 35 минуттан оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«2-11 (12) сыныптардағы сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптарда оқу уақыты сатылы режимде енгізіледі. Яғни, қыркүйек айында бірінші сынып оқушылары – 35 минуттан үш сабақ оқитын болады. Ал қазан айынан бастап 45 минуттан білім алады – санитариялық қағидаларға сәйкес, сабақ уақытында дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика жаттығулары жасалады», - деп жеткізді министрліктің баспасөз қызметінен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






