жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өтеді

Биыл балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне өтеді
Фото: pexels
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

 2025 жылғы 12 тамызда өткен Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі барлық балабақшалар ваучерлік қаржыландыру жүйесіне толық көшірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылында Қазақстан бойынша 11 800-ден астам мектепке дейінгі ұйымдарда миллионнан астам бала тәрбиеленіп, білім алатын болады.

   «Жыл басынан бері ваучерлік қаржыландыру жүйесінің пилоттық жобасы еліміздің 20 қаласы мен 7 ауданында табысты жүзеге асырылды. Бұл кезеңде 461 мың ваучер беріліп, балабақша кезегі 93 мың балаға қысқарды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 7,7 млрд теңге үнемделді», – деді министр.

Министрдің мәлімдеуінше, қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін барлық балабақшалар кезең-кезеңімен толық ваучерлік жүйеге көшіріледі.

Сондай-ақ, министр бірқатар жаңа жобалардың іске қосылатынын атап өтті:

   "135 балабақшада 7 мыңнан астам бала "Тілге бойлау" жобасы аясында мемлекеттік тілді меңгеру дағдыларын арттырды. Сонымен қатар отбасылық жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларды дамытуға бағытталған "Бестен бұрын" жобасы жаңа оқу жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесіне кеңінен енгізіледі. Қыркүйек айында балаларды еңбекке ерте жастан баулуға арналған жаңа пилоттық жоба басталады. Ол 100 балабақшаны қамтып, шамамен 12 мың баланы қамтиды", – деді министр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар