Жаңалықтар
Депутат әр туған баласы үшін әйелдердің зейнетке шығу жасын екі жылға қысқартуды ұсынды
- авторjambylinfo.kz
- 11 қаңтар, 2023
- 621
Депутат әр туған баласы үшін әйелдердің зейнетке шығу жасын екі жылға қысқартуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов дүниеге бала әкелген аналардың зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды. Оның айтуынша, дүниеге әкелген әр баласы үшін әйелдің зейнетке шығу жасы 2 жылға қысқаруы қажет. Бірақ, қысқаратын жылдар саны 10-нан артық болмауы керек.
"Осылайша, үш бала туған әйел зейнет демалысына 6 жыл бұрын шығады. Қазіргі таңда, әйелдердің зейнет жасын өсіруді тоқтатып қойған кезеңде, ол 55 жаста шығады. Ал әйелдердің зейнет жасы 63-ке көтерілгеннен кейін ол 57 жаста зейнеткер атануға мүмкіндік алады", – деді депутат.
Сондай-ақ, Аманжан Жамаловтың айтуынша, Қазақстанда соңғы үш жылда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 1,5 жылға (77-ден 75,5 жасқа) қысқарған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






