Белгілі актер Жасұлан Әйтеннің әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарап, көпшілік оның қазасына ортақтасты.
Актердың көптеген әріптестері мен көрермендері оған көңіл айтып, жылы лебіздерін білдіруде.
Продюсер Гүлнұр Мамасарипова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жасұлан туралы жазба жариялады. Оның айтуынша, Жасұлан Әйтен әкесінің қайтыс болғаны туралы хабарды түсірілім барысында естіген. Дегенмен бұл жайлы ешкімге тіс жармай, жұмысын соңына дейін жалғастырған.
Желі қолданушылары да актердің отбасына көңіл айтып, қазаға ортақтасуда.
«Әкеңнің жаны жәннатта болсын», «Иманы жолдас болсын», «Жақсы әкенің артында жақсы ұл қалады», «Сабыр берсін, жаны жәннатта болсын» деген сияқты жылы пікірлер легі жазылуда, - деп жазуда желі қолданушылары.






