Жаңалықтар
Елордада LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакадалық жолға көтерілді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 18 қазан, 2025
- 346
Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады
Елордада LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакадалық жолға көтерілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
17 қазанда Қабанбай батыр даңғылы бойында «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы № 104 пен № 105 станциялары арасындағы жол аймағында LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакадалық жолға көтерілді.
Құрам төрт вагоннан тұрады. Оларды көтеру жұмысы LRT жүйесінің сынақ учаскесін кеңейту аясында жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ «18 қазанда сағат 11.00-13.00 аралығында Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, № 113 (Министрліктер үйі) және № 114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта LRT төртінші құрамы қойылады», - делінген хабарламада.





