Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенттігіне жалғыз үміткер болды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 қараша, 2025
- 605
Италия астанасы Римде өтетін World Boxing конгресінде ұйымның жаңа басшысы сайланады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлемнің 125 елінің әуесқой бокс федерацияларын біріктіретін бұл ұйым бүгінде Олимпиададағы бокстың болашағына тікелей әсер ететін маңызды халықаралық құрылым саналады.
Головкиннің жалғыз кандидат болып қалуына басты себеп — осы лауазымға өзін ұсынған Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолистің кандидатурасын ресми түрде қайтарып алуы. Оның бұл шешімінен кейін сайлауға қатысуға ниетті өзге үміткер қалмаған.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 2024 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып сайланған. Ал қыркүйек айында World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанып, бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуына елеулі еңбек сіңірді.
Өткен айда Головкин халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне өзінің кандидатурасын ресми түрде ұсынған болатын.





