Жаңалықтар
Иран Президенті: Қазақстанмен өзара сауда-саттықты 3 млрд долларға дейін жеткізуге күш саламыз
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 желтоқсан, 2025
- 92
Қазақстан мен Иран президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Каспий аймағындағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде Иранмен ықпалдастықты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Екі елдің дипломатиялық қатынас орнатқанына 33 жылдан асты. Осы кезеңде тығыз мемлекетаралық ынтымақтастыққа қол жеткіздік. Сындарлы саяси диалог құрдық. Үкіметаралық экономикалық комиссия белсенді жұмыс атқаруда. Парламентаралық байланыс жолға қойылды. Ауқымды шарттық-құқықтық негіз қалыптасты, елуден астам келісім жасалды. Халықаралық ұйымдар аясында ықпалдастығымыз жалғасып жатыр. Бұл дәстүрлі достық пен әріптестігіміздің айқын дәлелі екені сөзсіз, – деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 желтоқсан, 2025





