жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Камчатка маңындағы жер сілкінісінен кейін Жапония цунами қаупі туралы ескерту жасады

Камчатка маңындағы жер сілкінісінен кейін Жапония цунами қаупі туралы ескерту жасады
Ашық дереккөз
Камчатка жағалауындағы күшті жер сілкінісінен кейін Жапония билігі биіктігі үш метрге дейін жететін цунами болатыны туралы ескерту жасады.

Жергілікті билік жағалау маңындағы елді мекендердің тұрғындарына дереу эвакуациялануға кеңес берілді.

Жапонияның шығыс жағалауындағы Хоккайдо префектурасынан бастап Вакаямаға дейінгі аралықта цунами туралы ескерту жарияланды. Толқындардың биіктігі үш метрге дейін жетуі мүмкін. Билік өкілдері халықты таулы немесе биік жерлерге көшуге, теңізге жақындамауға шақырды.

Жапония Премьер-министрі кеңсесінің жанынан төтенше жағдайлар қызметтерін үйлестіру үшін арнайы орталық ашылды.

Цунами қаупі Тайванда да жарияланды. Жергілікті метеорологтардың айтуынша, толқындар аралдың оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағалауларына жетуі мүмкін. Жер сілкінісін бақылау орталығының мәліметінше, егер тереңдікте орын алса, толқындар өте жоғары жылдамдықпен биікке көтеріледі.

Жер сілкінісі Тынық мұхиты акваториясында, Солтүстік-Курильск қаласынан 360 шақырым солтүстік-шығыста тіркелді. Жерасты дүмпулері Сахалин мен Камчаткада сезілген. Магнитудасы - 7,9. Құтқарушылардың айтуынша, Солтүстік Куриль аралдарында жер сілкінісінің күші 4–5 баллға дейін жеткен.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар