жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Каспий теңізін зерттеуге 305 млн теңге бөлінді

Каспий теңізін зерттеуге 305 млн теңге бөлінді
Фото: advantour.com
Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

  Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін зерттеу мақсатында құрылған Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын дамытуға Үкімет резервінен қаржы бөлінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаражат көлемі — 305 миллион теңге, ол институттың есепшотына аударылады.

Ғылыми-зерттеу институтының негізгі міндеттері қатарында:

Каспий теңізіндегі балық қорының көлемін бағалау;

Сақтау әдістері мен технологияларын әзірлеу;

Ихтиофаунаны (балықтар мен су жануарларын) кешенді зерттеу;

Каспий итбалықтарының жаппай қырылу себептерін анықтау және олардың популяциясын сақтау мәселелері бар.

Сонымен қатар институт мамандары теңіздің:

Гидрологиялық үдерістерін зерттеумен,

Су деңгейін бақылаумен,

Климаттың өзгеруі мен оның экожүйеге әсерін талдаумен,

Су сапасы, биологиялық әртүрлілік және Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі мен жағалауының өзге де параметрлері бойынша деректерді жинау және талдаумен айналысады.

Бұл қаржылық қолдау институттың материалдық-техникалық базасын нығайтып, зерттеу жұмыстарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар