жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады

Конституция күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады
Фото: Zakon.kz
Заң бойынша мереке демалыс күнге сәйкес келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып саналады.

  Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биыл Конституция күні 30 тамыз сенбіге сәйкес келеді.

ҚР "Мерекелер туралы" Заңына сәйкес, егер мереке күнтізбедегі демалыс күніне түссе, онда демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

Осыған сәйкес, 30 тамыз сенбіге сәйкес келгендіктен, 1 қыркүйек - ресми демалыс күні болады. 

Осылайша, аптасына бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан: сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері демалады (30 тамыз, 31 тамыз, 1 қыркүйек).

Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін мерекелік демалыс екі күнмен шектеледі. Ол күндер сенбі және жексенбі (30 тамыз, 31 тамыз).

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар