жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлеуметтік жобаларға 1 000 000 теңгеге дейін грант беріледі

Әлеуметтік жобаларға 1 000 000 теңгеге дейін грант беріледі
Фото: Zakon.kz
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Бірыңғай грант операторы шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл байқаудың жеңімпаздарына өз жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін қаржылай және әдістемелік қолдау көрсетіледі. Жобаларды 3 айға дейінгі мерзімде жүзеге асыру қажет.

Шағын гранттар келесі бағыттар бойынша ұсынылады:

Волонтерлік бастамаларды дамыту (экология, мәдениет, медицина, әлеуметтік сала, жануарларды қорғау, төтенше жағдайлар) – 60 грант

Инклюзивті қоғамды дамыту – 18 грант

Ауылдық бастамаларды қолдау – 18 грант

Өтінім қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 16 шілдеден 4 тамызға дейін.

Байқауға кімдер қатыса алады:

Тіркелген үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ)

Волонтерлік жобалармен айналысатын бастамашыл топтар

Волонтерлік бағыт бойынша жұмыс істейтін, 18 жастан асқан жеке тұлғалар

  Қосымша ақпаратты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтынан алуға болады: www.cisc.kz («Гранттар» → «Шағын гранттар» бөлімі). Мұнда байқау шарттары мен ұйымдастырушылар туралы толық ақпарат берілген.

Байқауды үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар