Жаңалықтар
Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкнотаға қатысты мәлімдеме жасады
- авторjambylinfo.kz
- 28 шілде, 2023
- 652
Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкнотаға қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкнотаға қатысты мәлімдеме жасады.
"Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады.
Бұл банкноталар Қазақстан Республикасының барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті", - делінген ресми хабарламада.
Ұлттық банк Қазақстан аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тартқандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Талас халық театры республикалық додада топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 желтоқсан, 2025





