сейсенбі, 5 мамыр, 2026 16:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

Мемлекет басшысы Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.

Роман Васильевич Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. 

Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша тәмамдағаннан.

Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы болып бастаған.

1989–1990 жж. "Казпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды. 

1990 ж. бастап "Вахинвест" бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері, Павлодар қ. 

1990–1999 жж. "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор қызметтерін атқарды.  

1999–2002 жж. "Тыныс" ЖШС директоры, Павлодар қ. 

2002–2003 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы. 

2003–2005 жж. Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы. 

2005ж. қантардан бастап Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы. 

2005 ж. сәуірден бастап Павлодар облысының әкімі Аппаратының басшысы.  

2006 ж. бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары. 2006–2007 жж. Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі.

2007–2008 жж. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008–2010 жж. Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010–2011 жж. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011–2013 жж. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014–2016 жж. "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті.  

2016 ж. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 ж. мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

2016–2019 жж. – инвестициялар және даму бірінші вице-министрі. 2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылы осы қызметке қайта бекітілді.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар