Жаңалықтар
Ұлттық банк пен Visa қауіпсіз төлем жүйесін дамытуға күш біріктірді
- авторБақытжан Бекболат
- 7 қараша, 2025
- 231
Құжат қаржы технологияларын дамыту мен төлем инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыруды көздейді.
Вашингтонда Қазақстанның Ұлттық банкі мен халықаралық Visa төлем жүйесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құжат елдегі төлем нарығын дамытуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Келісім аясында тараптар:
Ұлттық төлем корпорациясы базасында Құзыреттер орталығын құрып, жаңа технологияларды сынақтан өткізуді;
Алаяқтыққа қарсы күрес орталығының жұмысын жетілдіру мен жасанды интеллект арқылы қауіпсіздік деңгейін арттыруды жоспарлап отыр.





