дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 18:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық банк «Qazaq kúresi» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Ұлттық банк «Qazaq kúresi» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
Фото: Ұлттық банк
Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ұлттық Банк «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz    

Коллекциялық монеталар 2025 жылғы 17 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың ресми интернет-дүкені арқылы сатылымға шығарылады.

«Қазақ күресі» – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық күресі. Бұл спорт түрі сан ғасырлық тарихқа ие және қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі саналады. Жекпе-жек барысында қарсыластар ептілік пен төзімділікті сынға салады.

Коллекциялық монеталардың сипаттамасы:

– алтын жалатылған, күміс сынамасы 925, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңге, таралымы – 2 000 дана;

– мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 5 000 дана;

– нейзильбер (МНЦ 15-20) қоспасынан дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы – uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – 50 000 дана.

Айта кетейік, аталған коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген номиналдық құны бойынша төлемнің барлық түрлері үшін қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банктерінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, айырбастауға және ұсақтауға жатады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар