жұма, 30 қаңтар, 2026 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қа­тысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында та­ра­тылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құ­­жат­тың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ре­тін­де көр­се­тілгеніне назар аударды. 

Бұдан бөлек, Президент Америка көшбас­шы­­сына ақыл-парасатқа негізделген ішкі сая­сат­ты жүзеге асыруда табыс тіледі.

Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру ту­ралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Ха­ча­­турянмен, Премьер-министр Никол Па­шинян­­мен, Индонезия Президенті Прабово Су­биан­то­мен, Жаһандық өзгерістер инсти­туты­ның ат­­­­­қарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда ми­нистрі Говард Латникпен және ФИФА пре­зи­денті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгіме­лесті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар