жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы Нашақорлыққа қарсы штабты Үкімет деңгейіне көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Нашақорлыққа қарсы штабты Үкімет деңгейіне көтеруді тапсырды
Фото: Ақорда
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін есірткіге қарсы штаб жұмысын Үкімет деңгейінде қарауды тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында наркотизмге қарсы күрес мәселелері қаралды. Жиын қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы Нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық штабты Ішкі істер министрлігінің қарауынан алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне көтеруді тапсырды.

Бұл нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресті жандандыруға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар арасындағы жұмысты анағұрлым тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар