жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанайда ақша бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

Қостанайда ақша бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды
polisia.kz
Соның салдарынан студенттер оған 1 миллион теңгеден астам қаражат беруге мәжбүр болған

Полиция 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейін жасалған бірқатар қылмыстық оқиғаны тергеп жатыр. Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданамын деп қорқытқан. 

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тұрғылықты жерінен шықпау туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі (қорқытып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және мүлкі тәркіленуі мүмкін. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар