Петропавлдағы қоқыс полигонының пайдалану мерзімі екі жылға ұлғайтылды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 30 қараша, 2025
- 146
Петропавлдағы қоқыс полигонының пайдалану мерзімі екі жылға ұлғайтылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Петропавлдағы биыл жабылуы тиіс қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны тағы екі жыл жұмыс істемек.
- Қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ресурсы толық аяқталды. Жаңа полигон құрылысына дайындық жүргізіліп жатқан аралықта қолданыстағы полигонның қуатын қосымша 10% ұлғайттық.
Жаңа полигон салу – басым міндеттердің бірі болып отыр. Нысанды Мамлют тасжолы бойына орналастыру жоспарланған. Жұмыс жобасы әзірленген. Жобаның сметалық құны 8,6 млрд теңге, қазіргі уақытта қажетті келісім рәсімдері аяқталған, сараптамадан өту қалды, - деді Серік Мұхамедиев.
Естеріңізге салайық, 1996 жылы ашылған қоқыс полигоны бүгінде толған. Сол себепті Петропавлда тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны және қоқысты қайта өңдеу мәселесін шешу мақсатында Техноэкопарк салынатындығын жазған едік.





