сәрсенбі, 24 желтоқсан, 2025 20:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

️Президент: «Қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет»

️Президент: «Қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет»
Фото: gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесінде қаладағы көлік инфрақұрылымына назар аудару керектігін айтты

Мемлекет басшысы көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту маңызды, қалада сапалы және қолайлы инфрақұрылым болуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Биыл Астананың көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттағы іс-шараларды дер кезінде жүзеге асыру керек. Қоғамдық көліктер ең алдымен тұрғындарға ыңғайлы болуы керек және уақтылы жүруге тиіс. Жеке көліктен гөрі автобуспен жүрудің тиімді болғаны жақсы. Сондықтан қоғамдық көліктердің санын көбейту қажет», - деді Президент Астананы дамыту жөніндегі кеңесте.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар