Референдум – 2026: Кәсіпкерлер де өз таңдауын жасады
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 17:32
- 72
Референдум күні №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиядағы №35 референдум учаскесіне «Рысбаева және КО» ЖШС құрылтайшысы, «Ауыл» партиясы облыстық филиалы «Әйелдер, отбасы және балалар» комиссиясының төрайымы Сәуле Рысбаева келіп, өз таңдауын жасады.
– Бүгін жалпыұлттық саяси науқан жүруде. Еліміздегі барлық азаматтар өз позицияларын білдіруде. Солардың қатарында мен де бармын. Жақсы көңіл-күймен келіп, таңдауымды жасадым. Біз ұлт болашағына қатысты шешім қабылдауға үлес қосудамыз. Бұл – халықтың саяси белсенділігін арттырып қана қоймай, әрқайсымыздың дауысымыздың маңызды екенін сездіріп, Отан алдындағы жауапкершілігімізді салмақтай түседі, – деді Сәуле Мақшанқызы.іі
Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумның 513 учаскесі жұмыс істеп тұр. Учаскелердің ең көп саны Тараз қаласында орналасқан – 154. Қордай ауданында – 58, Шу ауданында –44, Меркі ауданында – 41, Жуалы ауданында – 39 учаске бар. Өңірде референдумға қатысуға барлығы 721 993 азамат құқылы.






