сенбі, 14 ақпан, 2026 17:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Референдум–2026» онлайн марафонында Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциясы жобаның маңызын түсіндірді

«Референдум–2026» онлайн марафонында Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституциясы жобаның маңызын түсіндірді
Фото: ашық дереккөз
ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары, Конституциялық комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов онлайн марафон барысында  жаңа Конституция жобасының және оның Преамбуласының маңыздылығына тоқталды.

«Преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті. Жалпы кез келген Преамбула ұлттың мінезі мен рухын айқындайтын негіз ретінде қабылданады. Бұл норма Қазақстанның жас мемлекет емес, тарихы тереңде жатқан ел екенін көрсетеді», - деді ол.

Бақыт Нұрмұханов Конституция жобасындағы жаңа бөлімді де атап өтті.  

«Ата заңда «Қазақстан Халық кеңесі» деп аталатын жаңа бөлім пайда болды. Бұл орган ең жоғары консультативтік орган ретінде Конституциялық мәртебеге ие болып отыр. Яғни, біздің ұлтаралық, дінаралық,  конфессияаралық татулық мәңгілік Конституциялық құндылық ретінде әрі қарай дами береді», - деді ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар