ҚҚС 300.00 декларациясын алдын ала толтыру сервисі пилоттық режимде іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:48
- 66
Қазақстанда қосылған құн салығы бойынша 300.00 декларациясын алдын ала толтыруға арналған сервис пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
МКК-ның мәліметінше, жаңа сервис салық төлеушілерге ҚҚС декларациясын толтыруды жеңілдетуге, есептелген салық сомаларын алдын ала көруге және қателерді азайтуға мүмкіндік береді.
Декларацияны алдын ала толтыру мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде жүзеге асырылады, оның ішінде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі, салық төлеушілердің жеке шоттары және тауарларға арналған декларациялар қамтылады.
"Бұл есептік көрсеткіштерді автоматты түрде қалыптастыруға және адам факторының ықпалын азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Сервис аясында декларацияның 13 жолы автоматты түрде толтырылады, оларды қажет болған жағдайда пайдаланушы өз бетінше түзете алады.






