Сәлем-сауқаттан тыйым салынған зат табылды
Тараздағы ҚАЖ департаментіне қарасты №59-мекемесінде жедел және режим бөлімі қызметкерлері мен 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен сотталған азаматтарға келіп түскен сәлем-сауқаттарды тексеру барысында әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, Алматы облысынан азаматша Г. Т. А-дан сотталған А. П. Р-ге жолданған сәлем-сауқатты тексеру барысында «Ревит» дәруменінен ақ түсті, спецификалық иісі жоқ, белгісіз 297 дана таблетка, USB шнур 2дана, 1дана қуаттағыш және шамамен 300грамм болатындай жасыл түсті (насвайға ұқсас) зат тәркіленді. Сәлем-сауқатты жолдаған азаматша тапсырыс хатта жолдаған, онда 2дана құлаққап, 3дана флэш-карта адаптері және қуаттағыш табылды.
Аталған факт бойынша Жамбыл облысы бойынша Тараз қалалық Полиция департаментінің 1-Полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






