сәрсенбі, 10 желтоқсан, 2025 17:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды

Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Әсел Жанасова Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әсел Жанасова бұған дейін президенттің кеңесшісі болды.

Ақорданың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2010 жылы "Болашақ" халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде (компьютерлік ғылымдар саласы) білім алған. 2014 жылы Кембридж университетінде магистратураны тәмамдаған. Сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік университетінде Executive Management бағдарламасы бойынша оқыған.

2010-2014 жылдары – Лондон қаласындағы халықаралық компанияның ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы, Ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, Киберқауіпсіздік департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары – "Зерде ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

2017-2018 жылдары – "Астана" халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.

2018-2020 жылдары – "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің орынбасары.

2022-2025 жылдары "Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған

2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар