Жаңалықтар
Үш айда Қазақстаннан Ресейге ақша аударымдары 68,9%-ға өсті
- авторjambylinfo.kz
- 12 мамыр, 2023
- 646
Үш айда Қазақстаннан Ресейге ақша аударымдары 68,9%-ға өсті
Биыл бірінші тоқсанда қазақстандықтардың Ресейге ақша аударымдарының көлемі 48,1 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Жамбылинфо ranking.kz порталына сілтеме жасап.
Биыл қаңтар-наурыз айларында Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге бағытталған қаражат көлемі 182,9 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға аз. Бірінші тоқсанда ақша көлемнің қысқаруы осымен екінші жыл қатарынан тіркеліп отыр.
Бұл ретте керісінше транзакциялар ағыны 28,2%-ға өскен.
Жалпы, Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы Қазақстаннан ең көп қаражат көлемі Түркияға бағытталған. Бұл мемлекетке қазақстандықтар қаңтар-наурыз аралығында 54,4 млрд теңге аударған. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда бұл 4%-ға көп.
Одан кейінгі орында Ресей тұр. Оған бірінші тоқсанда 48,1 млрд теңге аударылған. Былтырмен салыстырғанда ол 68,9%-ға артық.
Үштікті 32,3 млрд теңгені аударым сомасымен Өзбекстан түйіндейді. Дегенмен бұл өткен жылға қарағанда 15,5%-ға аз.
Сонымен қатар, Қазақстаннан қаражаттың едәуір көлемі Грузияға (18,7 млрд теңге) және Қырғызстанға (6 млрд теңге) жіберілген.
Сәуір айының қорытындысы бойынша ақша аудару қызметінің құны бір жылда 0,2%-ға ғана өсті. Былтыр ол 1,3%-ға қымбаттаған болатын.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/ush-ayda-kazakstannan-reseyge-aksha-audarymdary-68-9-ga-osti_a4066298
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысында 12271 орта медицина қызметкері бар
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚМДБ еліміз бойынша Ораза айт намазының кестесін жариялады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 наурыз, 2026




