«Шымкент жастар театрының» басшылығы 136 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді
- авторАрайлы Жақсылық
- 9 шілде, 2025
- 659
Олар 136 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында белгілі болғандай, концерт өткізуге арналған жабдықтарды сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 320 миллион теңге бөлінген. Алайда мемлекеттік сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттар 20-дан астам бөлікке жасанды түрде бөлініп, сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген.
Күдіктілер жабдықтарды жеткізумен айналыспаған жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасап, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілердің бірі 48 миллион теңге тұратын пәтер мен автокөлік сатып алған. Бұл мүліктер сенімді адамдардың атына рәсімделген.
Қазіргі уақытта аталған мүлікке тыйым салынды, күдіктілер ұсталды.





