Үсік жүреді: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 2 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон сілемі әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат. сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жауын жауады. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында екпінді жел соғады, күндіз орталықта бұршақ жауады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-2 градус үсік жүреді.
Түркістан, Орталық, Шығыс, Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚМДБ еліміз бойынша Ораза айт намазының кестесін жариялады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 наурыз, 2026




