Жаңалықтар
SpaceX компаниясы микроспутнигі зымыран-тасығышын ұшырды
- авторjambylinfo.kz
- 24 наурыз, 2021
- 633
SpaceX компаниясы микроспутнигі зымыран-тасығышын ұшырды
Сәрсенбі күні Американың SpaceX компаниясы Starlink 60 микроспутнигі бар Falcon 9 зымыран-тасығышын ұшырды. Көрсетілім компанияның сайтында жүргізіліп жатыр.
Зымыран Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі ғарышайлағынан, АҚШ-тың Шығыс жағалауындағы жергілікті уақытпен сағат 04:28-де ұшырылды. Бастапқыда ұшырылуы 21 наурызға жоспарланған еді.
Зымыран-тасығыштың бірінші сатысы бұрын бес ұшырылумен қолданылған. SpaceX қызметкерлері Falcon 9-дың бұл элементін кезекті рет Жерге оралтуға ниетті. Старттан кейін бірнеше минут өткен соң саты автоматты режимде Атлант мұхитындағы Of Course I Still Love You («Әрине, мен сені әлі сүйемін») қалқыма платформасына бірсарынды түсірілетіні күтіліп отыр. Бұл технология компанияға кезекті тасығыштарды ұшыру құнын арзандатуға мүмкіндік беріп отыр.
2019 жылдың мамырында Starlink-тің алғашқы 60 аппараты ғарышқа шығарылған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Иманбектің әкесіне медаль табысталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025






