дүйсенбі, 23 ақпан, 2026 19:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында 3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Түркістан облысында 3 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінде жоспардан тыс тексеру жүргізді

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы көлемі 1983,2 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері ауданның әкімшілік шекарасынан тыс жерде беріліп, жер заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Заңбұзушылықтарды жою мақсатында департамент тарапынан тиісті нұсқама берілді. Нәтижесінде әкімдік тиісті шаралар қабылдап, аталған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар басқа ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге 1000 гектар жер телімін беру кезінде де осындай заңбұзушылық анықталды. Осы дерек бойынша департамент Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдады. Сот талапты толық көлемде қанағаттандырып, аталған жер телімі де мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қабылданған шаралар жер ресурстарын басқаруда заңдылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар