Оқыс оқиға бүгін таңғы 04:30-да Қызылсай – Шымкент учаскесіндегі теміржол өткелінде орын алған
Түркістан облысында тепловоз жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгін таңғы сағат 04:30-да Қызылсай – Шымкент учаскесіндегі теміржол өткелінде HOWO жүк көлігі тепловозбен соқтығысты. Көлік жүргізушісі ережені бұзып, пойыздың алдын кесіп өткен. Жапа шеккендер жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтап, сағат 07:18-де қалпына келді.





