жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәртіп - тазалықтан басталады

Тәртіп - тазалықтан басталады
Ашық дереккөз
Бұл сенбілікті Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінің қызметкерлері ұйымдастырды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемесінің қызметкерлері сенбілік өткізіп, қоршаған ортаны көгалдандыру мен көркейтуге өз үлестерін қосты.

Бұл шара тек мекеме аумағын абаттандырумен шектелмей, табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадам әрі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жасалған үлгі боларлық іс.

Қызметкерлердің бұл бастамасы – әрбір азамат үшін өнеге. Себебі туған жер – жай ғана мекен емес, ол – руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі. Табиғаттан қуат алатын адам өзінің ауласын ғана емес, айналасындағы ортаны да таза ұстап, қорғауға міндетті.


№58 мекемесі қызметкерлерінің бұл игі ісі – тазалыққа, тәртіпке және қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Олар сенбіліктер арқылы тек мекеме аумағын емес, жалпы қоғамның экологиялық санасын жаңғыртып, табиғатқа жанашырлық танытып келеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар