Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қараша, 2025
- 207
Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Булат Амангелдіұлы Танабергенов Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Булат Танабергенов 1976 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облыстық тұтынушылар одағының Есеп-сауда колледжін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1999-2000 жылдары – Ақтөбе қаласындағы "Ақбұлақ" АҚ операторы.
2001-2002 жылдары – Ақтөбе қаласындағы "Стройдеталь" ЖШС-да такелажшы.
2002-2009 жылдары Ақтөбе қаласы әкімдігінің құрылымында жұмыс істеген.
2009-2010 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті директорының орынбасары.
2010-2012 жылдары – Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының орынбасары, басшысы.
2012-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы.
2016-2023 жылдары Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы болған.
2023 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.





