Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:58
- 179
Айта кету керек, аталған төлемді алу үшін азаматтардың Желтоқсан оқиғасына қатысқанын растайтын ресми құжаты болуы қажет.
Тәуелсіздік күніне кімдерге бір реттік әлеуметтік төлем берілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz baq.kz сілтеме жасап.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергілікті бюджеттен бір реттік әлеуметтік төлем берілетінін айтады.
Мысалы, Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге, сондай-ақ Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сомма берілмек.
Алматы қаласында – 250 мың теңге берілу көзделіп отырса, Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.





