Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:46
- 84
Елімізде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бұл күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Азаматтардың жұмыс күндеріне арналған кесте төмендегідей:
15 желтоқсан (дүйсенбі) – жұмыс күні;
16 желтоқсан (сейсенбі) – демалыс күні, Тәуелсіздік күні;
17–19 желтоқсан (сәрсенбі–жұма) – жұмыс күндері.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар әдеттегі жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Кезекші ХҚО-лар жұмыс күндері 09:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін ашық болады», – деп мәлімдеді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы.
Кезекші мамандандырылған ХҚО-ларда өтініштер жұмыс күндері 09:00–18:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі.
Ал сенбі күні өтініш қабылдау 09:00–12:00 аралығында жүргізіліп, дайын құжаттар 13:00-ге дейін тапсырылады.




