Жаңалықтар
Талапкерлер 4230 теңге төлеп, наурыздағы ҰБТ-ға қатыса алады
- авторjambylinfo.kz
- 20 ақпан, 2023
- 538
Талапкерлер 4230 теңге төлеп, наурыздағы ҰБТ-ға қатыса алады
2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Жамбыл инфо ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеудің өзі 14-30 наурыз аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге мына адамдар қатыса алады (ақылы оқуға түсу үшін):
- мектептің 11 (12) сынып оқушылары;
- мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің биылғы түлектері;
- ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер;
- шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматы емес, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар.
Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақыттыөзі таңдайды.
Қосымша сұрақтар болса, мән-жайды мына нөмірлерден білуге болады: +7 (7172) 69 52 80, 69 50 96.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
What exactly is Sugar Daddy?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚМДБ еліміз бойынша Ораза айт намазының кестесін жариялады
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 наурыз, 2026




