Жаңалықтар
Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы болып шықты
- авторjambylinfo.kz
- 12 қазан, 2023
- 486
Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы болып шықты
Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты, деп хабарлады Жамбылинфо тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «102»-ге 38 жастағы тұрғын өзінің Range Rover автокөлігін көлік жуу орны жұмысшысының ұрлап кеткендігі туралы хабарламамен жүгінген. Мас күйдегі көлік жуушы күзетшіден автокөлік кілттерін алаяқтық жолмен иемденіп, қала ішінде серуендеуге шешім қабылдап, көп ұзамай, Алматы қаласына қарай бағыт алған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігімен («Айдап кету») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық полиция бөлімдеріне көлік құралының деректері көрсетілген бағдарлар жіберілді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 315-шақырымында патрульдеу жүргізіп жүрген ПД ППБ 2-взводының қызметкерлері аталған автокөлікті байқап, оны тоқтату шараларын қабылдаған. Полиция инспекторлары Қостанай облысының 19 жастағы тұрғынын ұстады, – делінген хабарламада.Оның осындай қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғандығы анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






