жексенбі, 15 наурыз, 2026 21:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда референдумға бірінші келгендерге сыйлық тарту етілді

Таразда референдумға бірінші келгендерге сыйлық тарту етілді
Фото: Jambylinfo.kz
Ұлттық нақышта киінген қария саяси науқанға үн қосу әрбір отандастың парызы екенін айтып, жоғары жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.

Бүгін Тараз қаласындағы №28 референдум учаскесінде бірінші болып Тұрар Жапаров ел болашағы үшін таңдау жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұлттық нақышта киінген қария саяси науқанға үн қосу әрбір отандастың парызы екенін айтып, жоғары жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді. 

Сол үшін де бүгін учаскеде бірінші дауыс беруші атанып, сыйлық иеленді. 

Айта кетейік, аталған №28 референдум учаскесінде 2401 дауыс беруге құқылы азамат тіркелген. 

Таңертеңнен бастап тұрғындар өз таңдауларын жасау үшін учаскеге келіп, азаматтық белсенділік танытуда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар