Жаңалықтар
Таразда «Татулығы жарасқан, тәуелсіз ел Қазақстан» атты өнер фестивалі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2024
- 1.0k
Фестивальде өзге этнос өкілдері бақ сынасты
Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тәуелсіздік күні қарсаңында өзге этнос өкілдері арасында өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Фестивальге орыс, неміс, украин, тәжік, татар-башқұрт этнобірлестігі, ұйғыр, грек қоғамы, қарашайбалқарлар қоғамы, күрділер этнобірлестіктері қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Байқау 2 кезең бойынша өтті. Алғашқы кезең бойынша қатысушылар ұлттық тағамдарды таныстырды. Екінші кезеңде өнер сайысы бойынша бақтарын сынады.
Фестивальге қатысқан барлық этно бірлестіктер Тараз қаласы әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды





