жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық ҚАЖ қызметкерлері «Капитан Байтасов» фильмін тамашалады

Тараздық ҚАЖ қызметкерлері «Капитан Байтасов» фильмін тамашалады
Ашық дереккөз
Жуырда еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Капитан Байтасов» атты фильмді көрермен назарына ұсынғаны белгілі.

Туындыны көпшілікпен бірге тараздық ҚАЖ қызметкерлері де тамашалады. 

Бұл күні облыс орталығындағы Mart сауд кешенінің «Арман» кинотеатрына арнайы барған өңірлік ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері қоғамның қауіпсіздігі жолында өмірін қиған ержүрек азамат туралы фильмді тебірене көргендерін айтады.

Еске салайық, туындыда 2011 жылғы 12 қараша күнгі оқиға қамтылған. Фильмде белгілі актерлер Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Дархан Сүлейменов, Қобыланды Болат және Самал Еслямова өз образдарын сәтті ойнап шыққан.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар